Сағынтаев Үкіметке жаңа министрді таныстырды - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Үкіметке жаңа министрді таныстырды

10 сәуір, 11:07 1648 Астана
Сағынтаев Үкіметке жаңа министрді таныстырды

Үкімет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтің ісіне табыс тіледі.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметке жаңадан тағайындалған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевті таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мен сіздерге Үкіметтің жаңа мүшесін таныстырғым келеді. Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес, Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Дархан Аманұлы, сізді жаңа лауазымыңызбен құттықтаймын және ісіңізге табыс тілеймін", - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы басталған сәтте.

Еске сала кетейік, Дархан Кәлетаев осы жылдың 4 сәуірінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары