Сағынтаев Жамбыл облысындағы "Нұрлы жер" бағдарламасының іске асырылуымен танысты

14 қараша, 2018, 14:36 1686 Жамбыл облысы
Сағынтаев Жамбыл облысындағы

Сондай-ақ, аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында Премьер-министрге "7-20-25" аясында сатылатын тұрғын үйлер көрсетілді.

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Тараз қаласындағы жаңа 15-ықшам ауданды аралап көрді, мұнда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер құрылысы мысалында өңірде тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауында Мемлекет басшысы қолайлы өмір сүру ортасын тудыру үшін сапалы әрі қолжетімді тұрғын үйдің болуын негізгі факторлардың бірі ретінде атады.

Нысанды аралау кезінде Премьер-министрге жаңа ықшам ауданда биыл 10 үйдің (800 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланғаны туралы баяндады. Тұрғын үйлер Президенттің "Бес әлеуметтік бастама" үндеуінде айтылған "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатылатын болады. Бұдан өзге, тұрғын үй алабында жеке құрылысы салушылар 205 типтік жеке тұрғын үйлер салып жатыр, олардың құрылысы да жыл соңына дейін аяқталады.

Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы өңірде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 32 тұрғын үй мен 37 инженерлік инфрақұрылым жобасын салу үшін барлығы 13 млрд теңге бөлінген. Оның игерілуі қазір 96% құрап отыр. Нәтижесінде 10 айда 448,3 мың м² тұрғын үй тапсырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 8,4%-ға жоғары.

Облыс әкімінің орынбасары Е. Дауылбаев сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен бастапқы жарнаның 10% субсидиялау тетігін енгізгенін хабарлады. Жалпы, бағдарлама биыл облыста үй кезегінде тұрғындардың 30% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, еліміз бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биылғы жылдың 9 айында 8,8 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға артық. 77 мыңнан астам отбасы өз баспана жағдайларын жақсартты, оның ішінде 9,5 мың отбасы мемлекет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйге ие болды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, биыл барлығы 12,1 млн м² кем емес тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар аясында 1,3 млн м² немесе 22 мың пәтер берілмек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында, мемлекеттік бағдарламаларда және Қауіпсіздік кеңесінің жуырда өткен отырысында алға қойған міндеттерінің орындалу барысымен танысу үшін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар