Сағынтаев Жасыл технологиялардың халықаралық орталығын таныстырды - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Жасыл технологиялардың халықаралық орталығын таныстырды

17 мамыр, 18:28 3237 Астана
Сағынтаев Жасыл технологиялардың халықаралық орталығын таныстырды

Орталық Астанада ЭКСПО-2017 көрме кешенінің инфрақұрылымы негізінде құрылған.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумы аясында Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығын таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгінде әлем технологиялық революцияның ықпалымен тез өзгеріп отырады және бұл жаһандық көшу барлық үкімет пен елдерден жаңаша әрекет етуді талап етеді, атап айтқанда әлемдік дамудың ең күрделі және шиеленіскен мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді. Әрине, мұндай күрделі міндеттердің бірі ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсуді, әлеуметтік тұрақтылықты және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып саналады. Бұл жаһандық қауіпсіздіктің іргетасының бірі болып есептеледі", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сессия жұмысы кезінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту, ресурстарды үнемдейтін технологияларды, "жасыл экономика" құралдарын енгізу, жоғары технологиялық және ғылымға негізделген салаларға инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Тұрақты даму саясатын алға жылжытуға қызығушылық танытатын тараптардың мазмұнды ашық диалогы өрбіді.

"Еуразия медиа форумы" халықаралық қорының бас директоры Р. Жемков модератор болған панельдік сессияға жаһандық жасыл өсім институтының президенті, БҰҰ-ның VIII Бас хатшысы Пан Ги Мун, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Францияның индустрия, энергетика және цифрландыру жөніндегі министрі Эрик Бессон секілді танымал әлемдік саясаткерлер қатысты.

Қазақстан тарапынан энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының алқа төрайымы Әлия Назарбаева, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев қатысты.

Бүгінгі таңда күрделі сын-тегеуріндердің бірі – экономикалық өсімді, әлеуметтік тұрақтылықты және ұзақ мерзімді келешекте экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Бұл – жаһандық қауіпсіздіктің ең маңызды мәселелерінің бірі және Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет ретінде тұрақты дамуды және әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзінің жоғары жауапкершілігін сезінеді, деп атап өтті ҚР Премьер-министрі.

Бақытжан Сағынтаев форум қатысушыларын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығымен таныстырды.

Орталық өткен жылы Астана қаласында өткізілген "Экспо: Болашақ энергиясы" халықаралық көрмесінің негізінде құрылған және ол – аймақтағы "жасыл" экономикалық өсімді нығайтуға бағытталған "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының жалғасы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары