Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды

13 сәуір, 2018, 16:10 3937 Атырау облысы
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды

Жатақханалар ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында салынуда.

Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Дина Нұрпеисова атындағы Атырау музыкалық колледжінің бас корпусында болып, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша салынып жатқан жатақхана жобасымен танысты, деп хабарлайды  BNews.kz.

Жергілікті билік атап өткендей, аймақта қойылған тапсырманы жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бақытжан Сағынтаевқа шілде айында қолданысқа берілетін 100 орындық жатақхананың құрылыс обьектісі көрсетілді.

Атырау облысы бойынша барлығы 25 колледж бен 3 жоғары оқу орны бар. Онда білім алатын жастар саны – 29,6 мың адам. Жатақханаға деген жалпы сұраныс мөлшері 2300 орынды құрайды.

Сондай-ақ, 960 орынға лайықталған 8 жатақхананың құрылыс жобасы дайындық үстінде. Қазір 200 орындық екі жатақхананың құрылысы басталды, тағы 250 орындық екі жатақхана салынады. Құрылыс мерзімі 2019 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар