Сағынтаевқа "Цифрлық кен орны" жобасы таныстырылды
"Зияткерлік кен орны" жобасы немесе "Цифрлық кен орны" — мұнай-газ саласының маңызды бағыттарының бірі.
Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Ембімұнайгаз" АҚ-да болды, онда өндірістік процестерді визуализациялау орталығының жұмысымен және "Цифрлық кен орны" жобасының жоспарларымен танысты, деп хабарлады Премьер-министрдің ресми сайты.
"Зияткерлік кен орны" жобасы немесе "Цифрлық кен орны" - мұнай-газ саласының маңызды бағыттарының бірі және "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар тізіміне қосылған. Бұл мұнай-газ саласын басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ол жекелеген жүйелерді бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйеге біріктіру арқылы максималды тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Ембімұнайгаз" АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбеков "Уаз" кен орны базасында 2016 жылы "Цифрлық кен орны" пилоттық жобасы іске қосылып, өз тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Жобаны енгізу электр қуатын тұтынуды 33%-ке қысқартуға, ұңғымаларды жөндеудің үлесті шығындарын 25%-ке азайтуға мүмкіндік берді.
"Ембімұнайгаз" АҚ әзірлеген әдістемелерге сәйкес келесі көрсеткіштердің өңдеу және талдау алгоритмдері автоматтандырылды: сұйықтық және мұнай теңгерімі; мұнайдың жоғалуы; ұңғымалардың жұмыс режимдерін оңтайландыру және т.б.
2017 жылы жоба "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ Прорва кен орындарын игеру тобының кен орындарына таратылды.
Бақытжан Сағынтаевқа "Цифрлық кен орны" жобасының жоспарлары туралы баяндалды. 2018 жылы тұжырымдама "Жайықмұнайга" МГӨБ "Жаңаталап" кен орнында жүзеге асырылатын болады. 2019–2020 жылдары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқа кен орындарына енгізу жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, жобаны іске асыру мұнай өндіру көлемінің 3%-ке дейін өсуіне, мұнай өндіру (экономикалық) коэффициентін 2–5%-ке арттыруға және шығындарды 5–15%-ке азайтуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Біртанов БҚО-дағы денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру барысымен танысты
-
Сағынтаев Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті
-
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағыттары туралы Абаев айтып берді
-
Сағынтаев қаржы министрінен жергілікті бюджет көрсеткіштеріне қатысты сұрады
-
Премьер-министр Атыраудағы бірегей көпір құрылысымен танысты
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
-
Сағынтаев Атырау облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады
-
Сағынтаев өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Ұсынамыз
-
Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн жүйесі әзірленуде
12:23
121
-
Астананың Оқушылар сарайында ерекше балалар өнер көрсетті
12:49
120
-
Алматы облысындағы тау көшкіні салдарынан жаңа көл пайда болуы мүмкін
14:00
97
-
Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды
19 сәуір, 11:15
2547
-
Ақтөбеде 10 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды
19 сәуір, 13:02
2517
-
Головкин 5 мамырда өтетін жекпе-жектегі қарсыласының есімін атады
19 сәуір, 10:20
2512
-
Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып қайта тағайындалды
19 сәуір, 11:37
2507
-
ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитетінің басшысы тағайындалды
19 сәуір, 11:05
2488
-
ОҚО-да ұлттық ойындар сайысы өтті
22 наурыз, 14:24
4011
-
ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескертті
22 наурыз, 14:09
3982
-
ОҚО-да кәмелетке толмаған қыз бен жігіт тауда адасып кетті
22 наурыз, 12:45
3962
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
13 сәуір, 16:10
3689
-
Астанада Ұлттық музейде "Рухани жаңғыру" көрмесінің ашылуы өтті
13 сәуір, 18:26
3619