Сәкен Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылды

29 қаңтар, 2019, 19:46 1597
Сәкен Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылды

Ол қызметтен өз өтініші бойынша кетті.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков берілген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген primeminister.kz таратқан ақпаратта.

Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі, ҚР мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, ҚР Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" РМК бас директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

2006 жылдан бастап - ҚР Үкімет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.

2008 жылдың наурыз айынан бастап - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқарушы директоры. 2008 жылдың қараша айынан бастап - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ аппаратының басшысы.

2012 жылдан бері - "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" қауымдастық формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, Сәкен Жүнісбекұлы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне 2015 жылы сәуір айында тағайындалған.  

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #вице-министр #қызметтен босату

Читайте также

Похожие новости