Салынып жатқан үйлерді сатып алуға ипотека беріледі – Қасымбек - Жаңалықтар | BNews

Салынып жатқан үйлерді сатып алуға ипотека беріледі – Қасымбек

23 мамыр, 19:42 390 Астана
Салынып жатқан үйлерді сатып алуға ипотека беріледі – Қасымбек

Министрдің айтуынша, жеке-меншік құрылысшыларды тұрғын-үй құрылысына одан әрі тарту үшін әкімдіктерге олардың салынған нысандарын сатып алу құқығы беріледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуіне Елбасының "7-20-25" бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мемлекет Басшысы алдағы 15 жылдың ішінде 1,5 млн тұрғын-үйді пайдалануға беру міндетін қойған болатын. Жалпы жылдық көлемі 100 мың тұрғын үй. Бұл орындалатын міндет. Құрылыс саласында өткен жылдың қорытындысы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы рекордтық 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалуға беріліп, 100,8 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, жеке-меншік құрылысшыларға тиісті инженерлік коммуникациялармен құрылыс алаңдарын дайындау үшін 20 млрд теңгеге қаржыландыруды көбейту көзделген" - дейді министр.

Оның айтуына қарағанда, жеке-меншік құрылысшыларды тұрғын-үй құрылысына одан әрі тарту үшін әкімдіктерге олардың салынған нысандарын сатып алу құқығы беріледі.

"Бұл шаралар тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің өсуі 8% жылдық динамикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы қарқынмен бір адамға 38% (21,6 шаршы метр) тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін ұлғайтамыз және 2030 жылға қарай БҰҰ стандартына (30 шаршы метр) қол жеткіземіз. Аймақтардағы тұрғын-үйлердің бір шаршы метрдің құны – 140 мың теңге, ал Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында – 180 мың теңге. Баршамызға белгілі, ипотеканы одан әрі дамыту және төлей алатын халықты қолдау мақсатында жаңа ипотекалық "7-20-25" бағдарламасы енгізілуде. Осы бағдарлама аясында несие бойынша пайыздық ставкасы жылына 7%-ға дейін болады, бастапқы төлемі 20%-дан аспайды, ал айсайынғы төлемін азайту үшін несиенің мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатын болады" - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда ипотека жаңа құрылыстағы үйлерді сатып алуға берілетін болады.

"Мысалы, Атырау облысын алсақ. Егер, пәтер 12 млн теңге тұрса, онда бастапқы төлеміне (20%) 2,4 млн. теңге қажет болады, ал қалған 9,6 млн. теңге сомасы банкпен 25 жылға 7%-ға берілетін болады. Отбасы үшін айсайынғы 68 мың теңге төлем ынғайлы болады. Бұл арзан ресурстар механизмі және әр жұмыскер пәтер сатып ала алады. Қазақстандықтардың көбі пайдалы шарттармен тұрғын-ұй сатып алуға мүмкіндік алады. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдауға және халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" - дейді министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: