"Самұрық-Қазына" қорының жаңа стратегиясы қаржылық нәтижелер көрсетіп отыр

Написать нам
25 қазан, 2018, 12:14 1646 Астана

Холдингтің Даму стратегиясының арқасында оң динамика орын алған.

"Самұрық-Қазына" 2018 жылдың 9 айы ішіндегі Қор компанияларының қаржылық қызметі нәтижелері бойынша ақпарат жариялады. Холдингтің Даму стратегиясының арқасында оң динамика орын алған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Есептік кезең нәтижелері Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен қоржын компаниялар басшыларының жиналысы барысында айтылды.

Деректерге сәйкес, 553 млрд теңге көлеміндегі жылдық жоспар жағдайында Қор 825,3 млрд теңге көлемінде таза табыс алған, бұл өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп артық. Операциялық табыс (NOPLAT) есептік кезең ішінде 635,7 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жыл көрсеткішіне қарағанда 336 млрд теңгеге немесе 112%-ға жоғары.

Қор өкілдерінің айтуынша, қаржылық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруына Компаниялар тобы бойынша өндірістік көрсеткіштердің ұлғаюы және мұнай бағасының оң динамикасы әсер еткен.

Бұдан бөлек жаңа стратегияға компания қызметі 9 ай ішінде электр энергиясы өндірісінің көлемін 17%-ға, яғни 20,2 млрд кВт.сағаттан 23,6 млрд кВт. сағатқа дейін арттыруға мүмкіндік берген. Көмір өндіру көлемі 13%-ға артып, 32,6  млн тоннаны құрады. Мұнай мен газ конденсатын өндіру 17,6 млн тоннаға жетті, бұл шамамен өткен жыл көрсеткіштеріне тең. Табиғи газ өндірісі 2%-ға көбейіп, 5,8 млн тоннаны құрады. Мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай өңдеу көлемі 8%-ға артып, 9,9 млн тоннаға жетті. Теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 8%-ға ұлғайып, 150 млрд тонна-шақырымнан 162 млрд тонна шақырымға дейін артты.

Осы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018-2028 жылдарға арналған Қордың жаңа Даму стратегиясын мақұлдағанын еске сала кетейік. Құжатқа сәйкес, қоржын компанияларды тиімді басқару мен олардың қызмет көрсеткіштерін әлемдік балама компаниялар көрсеткіштеріне теңестіру – Қордың басты мақсаттарым мен мандаттарының бірі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар