"Самұрық-Қазынаның" негізгі қызметінің кірісі 3,3 трлн теңгені құрады - Жаңалықтар | BNews

"Самұрық-Қазынаның" негізгі қызметінің кірісі 3,3 трлн теңгені құрады

03 тамыз, 11:00 3132 Астана

Бұл өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артық.

"Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділдің ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында айтқанындай, "Самұрық-Қазына" холдингінің негізгі қызметінен түскен табыс 3,339 трлн теңгені құраған. Журналистер алдында сөз алған спикер бұл өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ернар Жанәділдің ақпаратына қарағанда, операциялық кіріс бойынша жоспар 78%-ға орындалып, 428 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2017 жылдың балама көрсеткіштеріне қарағанда 43,1%-ға артық.

Қор өкілінің сөзі бойыша, жоғарыда аталған көрсеткіштерге бірнеше фактордың арқасында қол жеткізіліпті. Олар: мұнай өңдеу көлемінің 13%-ға, электр қуатыны өндірісінің 28%-ға, теміржол жүк айналымы көлемінің 9%-ға артуы. Сондай-ақ, көмірсутегі бағасының оң динамика көрсетуі де айтарлықтай рөл ойнаған.

"Самұрық-Қазына" АҚ стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал өз кезегінде бұл нәтижелерге жетуге Жаңа Даму стратегиясы аясында алғашқы жарты жыл ішінде Қорда жүргізілген құрылымдық өзгерістердің те ықпал еткенін атап өтті.

"Холдингтің еншілес компаниялары саны 359-дан 312 бірлікке дейін азайтылды. 15 актив 28,5 млрд теңге көлеміндегі жалпы сомаға сатылды. "Самұрық-Қазына" қоры бұл бағытта жекешелендіру бағдарламасын жалғастыруға ниетті. Аталған бағдарламаға 51 активті сату және 102 стратегиялық емес активтен шығу кіреді", - деп мәліметтер келтірді Балжит Гревал.

Сонымен қатар, "Тараз Химиялық паркі" АЭА мен Атырау облысындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" дамуы бойынша екінші жартыжылдыққа міндеттер белгіленді.

Осыған дейін аталып өткендей, ағымдағы жылдың сәуір айында Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ел Президентіне Қордың жаңа даму стратегиясын таныстырған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаманы қолдап, мақұлдап, ойластырылған шараларға оң бағасын берген еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары