Сапаның артуына байланысты бір дәрігерге келіп отырған жүктеме азаюы керек – Сағынтаев

04 қыркүйек, 2018, 20:08 1517
Сапаның артуына байланысты бір дәрігерге келіп отырған жүктеме азаюы керек – Сағынтаев

Астаналықтар үшін емханалар қолжетімді бола түседі.

Бүгін Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев денсаулық саласынның дамуы жөнінде айтып берді. Ол елорда тұрғындары үшін емханалар қолжетімді бола түсетінін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Әсет Исекешевтің сөзінше, халыққа сапалы медициналық қызмет ұсынудың қолжетімділігін арттыру Астанада бәсекелестік алаңында жұмыс жасайтын барлық емханалар үшін басты міндеттердің бірі.

Астана қаласында жиырма жеті бастапқы медициналық-санитариялық жәрдем ұйымы жұмыс істейді. Оның алтауы мемлекеттік, он бірі жекеменшік. Тіркелген халық саны – 1 065 137 адам.

Емханаларға түсетін жүктемені жеңілдету үшін Астанада "Үйдегі дәрігер" жобасы қолға алынуда. Ол дегеніміз тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында жеке инвестордың көмегімен амбулатория ашу. Бұл дегеніміз тұрғындарға емханалаларға баруды жеңілдету, сапалы медицина ұсыну, жайлылық жасау.

"Қала тұрғындарының жыл сайынғы өсіміне байланысты емханаларға түсетін жүктеме артуда. Біз қаладағы емханалардың жұмысын саралап көрдік, шамадан тыс жүктемесі бар емханаларды анықтадық, енді бизнесмендерге осы аудандардарда шағын, ыңғайлы емханалар ашуды ұсынып отырмыз. Ал біз өз тарапымыздан осы емханаларға тұрғындарды бекітіп, осылайша емханалардың қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етеміз", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, ол осы жылдың соңына дейін алты жекеменшік емхана ашылатыны жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Бұл жобаны біз "Үйдегі дәрігер" деп атадық. Біз осы жылы үш жекеменшік емхана аштық, жыл аяғына дейін алтауын ашамыз деп отырмыз. Осылайша, емханалардың қолжетімділігін арттырамыз және бюджет қаражатын үнемдейміз. Оған инвесторлар 8 миллиард теңге қаражат салды", - деді Әсет Исекешев.

Айта кеткен жөн, қазіргі күні бір учаскелік дәрігерге орта есеппен 1900 адамнан келуде. Ал келер жылдың аяғына дейін 1700-ге дейін төмендету және бұл көрсеткіш арқылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне жету көзделуде. 

Жалпы, 2023 жылға дейін жоспар бойынша жеке инвестиция есебінен жалпы сомасы 80 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру көзделген.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне аймақтармен бірлесіп, ұсынылып отырған жобаны дұрыс жүзеге асыруды тапсырды.

"Астанада жеке инвесторларды тарту арқылы жақсы жұмыстар жасалуда. Сапаның және емдеу орындары санының артуына байланысты бір дәрігерге келіп отырған жүктеме азаюы керек. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарынан шағын емханалар ашу жақсы идея, осы ұсынысты аймақтарда қолға алғаны жөн. Барлықтарыңыз осы мәселені бақылауға алыңыздар", - деді Премьер-министр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақытжан Сағынтаев #Әсет Исекешев #жаңа емхана #медицина

Читайте также

Похожие новости