Сапарбаев әйелдерге ақша, пәтер және жолдамалар сыйлады - Жаңалықтар | BNews

Сапарбаев әйелдерге ақша, пәтер және жолдамалар сыйлады

07 наурыз, 18:27 1568 Ақтөбе облысы
Сапарбаев әйелдерге ақша, пәтер және жолдамалар сыйлады

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі ұстаз әйелдер мен медицина қызметкерлеріне ерекше сыйлықтар жасады.

8 наурыз мерекесі қарсаңында медицина саласында жұмыс істейтін 11 әйелге шипажайға жолдама берілді. Медициналық кластердің екі дәрігеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев екі бөлмелі пәтер кілтін  сыйлады. Баспанаға ие болғандардың бірі 15 жыл тәжірибесі бар жоғары санатты реаниматолог дәрігер, екіншісі жас кардиореаниматолог маман, деп хабарлайды BNews.kz.

Өз сөзінде әкім ақ халатты жандардың басым бөлігі әйелдер екенін және нәзік жандылардың арқасында Ақтөбе облысы медицина саласынан аймақтар арасында алдыңғы қатарда екенін атап өтті.

Сондай-ақ, облыстың 10 ұстазы 100 мың көлеміндегі сертификатқа ие болды. Келген барлық әйелге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.

"Отбасы бұл мемлекеттің маңызды бөлшегі. Отбасында бәрі жақсы болса, елде де тура солай болады. Кез-келген отбасының берекесі – әйел. Жұмыстағы табыстарыңыз бақытты отбасылық өмірмен ұласа берсін", -  деді Бердібек Сапарбаев.

Ұқсас жаңалықтар