Сапарбаев Ақтөбеде балалар күні мерекесінде Димаштың концерті өтетінін айтты - Жаңалықтар | BNews

Сапарбаев Ақтөбеде балалар күні мерекесінде Димаштың концерті өтетінін айтты

20 сәуір, 17:12 3180 Ақтөбе облысы
Сапарбаев Ақтөбеде балалар күні мерекесінде Димаштың концерті өтетінін айтты

Концертті өткізуге Димаш Құдайбергеновтің өзі бастамашы болды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен аймақтағы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуына бағытталған баспасөз конференциясы барысында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов қашан және қайда концерттік бағдарламасын көрсететінін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бірінші маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Димаштың бастамасы бойынша қазір онымен бірге ән салып жүрген шетелдік әншілердің қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады", - деді Бердібек Сапарбаев баспасөз конференциясы барысында.

Еске сала кетейік, Астанада былтыр 28 маусымда Димаш Құдайбергеновтің алғашқы жеке концерті өткен болатын. Сол кезде оның шоуына 25 мыңнан астам тыңдарман жиналған, соның ішінде шетелдіктер де болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары