Сара Назарбаеваның туған күнінде еліміздің білім беру ұйымдарында "Өзін-өзі тану" сабағы болады - Жаңалықтар | BNews

Сара Назарбаеваның туған күнінде еліміздің білім беру ұйымдарында "Өзін-өзі тану" сабағы болады

09 ақпан, 10:17 2305
Сара Назарбаеваның туған күнінде еліміздің білім беру ұйымдарында

12 ақпанда барлық білім алушы "Өзін-өзі тану" сабағына қатысады.

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы және рух беруші Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңірдегі 71 білім беру ұйымында жалпы оқу-тәрбие процесінде "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

"Физика жүрек тілімен", "Адамгершілік грамматикасы" – жалпы адамзаттық құндылықтарды тереңдетіп оқытатын мектептерде физика және математика пәндері бойынша сабақтардың тақырыптары.

Қазіргі уақыттың талабына негізделген жоғары адамгершілік пен адамшылыққа тәрбиелеу алдыңғы орынға қойылуы қажет.

"Өзін-өзі тану" бағдарламасын жүзеге асырудың осы кезеңінің ерекшілігі "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталуымен айқындалады.

"Бағдарлама оқушылардың кең ауқымды әлеуметтік рөлдерді, өмірлік және білім беру стратегияларын, ерекше моральдық-құндылық бағдарларға басшылық жасауды меңгеруге бағытталған және отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

12 ақпан "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымдарында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары "Өзін-өзі тану" сабағымен басталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары