Сары аурудың өршуіне байланысты қарағандылықтарға құбыр суын ішуге тыйым салынды   - Жаңалықтар | BNews

Сары аурудың өршуіне байланысты қарағандылықтарға құбыр суын ішуге тыйым салынды  

09 ақпан, 10:52 1673 Қарағанды облысы
Сары аурудың өршуіне байланысты қарағандылықтарға құбыр суын ішуге тыйым салынды  

Тыйым 9 ақпанның кешіне дейін салынып отыр.

Қарғанды облысында су құбыры жүйелері заразсыздандырылып жатыр, деп хабарлады "Қарағанды Су" ЖШС. Мұндай хабарландыру серіктестіктің сайтында жарияланған.

"Қарағанды облысының Қазыбек би ауданы бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының ұйғарымымен профилактикалық мақсатта 2018-ші жылдың 8 ақпаны сағат 17.00-ден  9 ақпан сағат 17.00-ге дейін су құбырлары жүйесін зарарсыздандыру жұмыстары жасалады. Осы уақыт ішінде суға хлордың жоғары деңгейі жіберіледі. Екі тәуліктік ауыз су қорын алып қоюға кеңес береміз. Суды ішуге және онымен ас әзірлеуге болмайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазыбек би аудандық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасы орынбасары Асхат Ахметбековтың мәлімдеуінше, ауданда жұқпалы гепатит А-ні анықтау үшін, көкөністер де арнайы зертханалық тексеруден өткізілуде.

Қарағанды мектептерінің  бірінде балалар гепатит ауруына шалдыққаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары