Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі - Жаңалықтар | BNews

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі

07 ақпан, 09:17 687
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі

Сондай-ақ, еліміздің кей облыстарында қар жауып, боран соғады.

Атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Еліміздің басқа өңірлерінде қар жаумайды. Кей жерлерге тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел секундына 18-23 метр жылдамдыққа дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Ақтөбе облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары