Сәрсенбіде Қазақстанның үш қаласында жайсыз ауа райы болуы ықтимал

08 тамыз, 2018, 09:34 1707
Сәрсенбіде Қазақстанның үш қаласында жайсыз ауа райы болуы ықтимал

Синоптикердің хабарлауынша, мұндай ауа райы мен ауаның ластануы Ақтау, Қарағанды, Көкшетау  қалаларында байқалады.

8 тамыз күні  жайсыз ауа райы Қазақстанның  3 қаласында қалыптастады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптикердің хабарлауынша, жайсыз ауа райы мен ауаның ластануы Ақтау, Қарағанды, Көкшетау  қалаларында байқалады. Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкентте ауа райы қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар