Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы - Жаңалықтар | BNews

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Написать нам
07 қараша, 2018, 09:35 1883
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей жерде екпінді жел соғып, тұман түсіп, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады.

7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыздығы сақталады, жауын-шашын жауады, тек еліміздің батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Кей жерде екпінді жел соғып, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады.

Aқмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. Aқмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады.

Aлматы, Түркістан облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман түсіп, күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!