Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

28 қараша, 2018, 09:27 1615
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей жерде екпінді жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, оңтүстіктің таулы аудандарында жауын-шашын жауады. Кей жерде екпінді жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болып, түнде кей жерде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, тұман түсіп, бұрқасын соғады. Қостанай облысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз бұрқасын соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!