Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Написать нам
24 қазан, 2018, 09:26 1660
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей облыста тұман түсіп, жел күшейеді.

24 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батысы және шығысында атмосфералык фронттардың өтуіне байланысты, кей жерде жауын-шашын болады, деп хабарлайды BNews.kz Қагидрометке сілтеме жасап. Кей жерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Aтырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі, Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында көктайғақ болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!