Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

10 қазан, 2018, 09:15 1842
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынды болады.

10 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, құбылмалы жауын-шашынды ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, түнде және танертең Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының кей жерлерінде түнде 2 градуске дейін үсік жүруі мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар