Сауат Мыңбаев "Қазақстан темір жолы" басшысы болып тағайындалды

20 қараша, 2018, 12:29 1808 Астана
Сауат Мыңбаев

Жаңа басшыны бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Жаңа басшыны бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Ахметжан Есімов өз сөзінде Сауат Мұхаметбайұлының бұрынғы жұмыс орындарында жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Айта кетсек, Сауат Мыңбаев бұрын қаржы құрылымдарында әртүрлі қызметтерді атқарған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министрі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрі, Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі лауазымдарында еңбек еткен. 2013 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болған.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар