Сәуір айынан бастап Астана мен Самарқанд арасында пойыз қатынайды - Жаңалықтар | BNews

Сәуір айынан бастап Астана мен Самарқанд арасында пойыз қатынайды

14 наурыз, 2018, 19:34 1643 Астана
Сәуір айынан бастап Астана мен Самарқанд арасында пойыз қатынайды

Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты серіктестігі бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы өтті.

Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның екі жақты серіктестігі бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы теңтөрағалары – ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ӨР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Ачилбай Раматовтың қатысуымен өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Премьер-министрі Бірінші орынбасарының хатшылығына сілтеме жасап.

Отырыс барысында өткен жылдың табысты болғандығы, екіжақты өзара қарым-қатынастың дамуына Қазақстан мен Өзбекстанның Мемлекет басшыларының сүбелі үлес қосқандығы аталып өтілді.

Атап өтерлігі, екі елдің Президенттері ҚР мен ӨР Үкіметтеріне екі ел арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті белсенді жүргізу үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

Тараптар өзара тиімді сауданың зор серпінмен дамып келе жатқандығын атап өтті. 2017 жылы ҚР мен ӨР арасындағы сауда айналымы 2 млрд АҚШ долларына жетіп, 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31,2% жоғары болды. 2017 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға экспорт көлемі 35 пайызға артып, 1,3 млрд. АҚШ долларына жеткізілді. Өзбекстаннан әкелінетін заттар 25,1 пайызға артып 735,2 млн АҚШ долларын құрады.

"Біз өзара тиімді сауданың тұрақты дамуына қолдау білдіреміз. Әрі қарай тауар айналымының артып, әрі түрінің көбеюі өзара тиімді сауданың өсуіне әкеледі. Оның сыртында, біздерге 2017 жылы қол қойылған сауда келісімдері мен шарттарының дер кезінде жүзеге асырылуына мән беруіміз керек", - дейді Ачилбай Раматов.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық серіктестігінің серпінді дамуына назар аударған тараптар 2018 жылы сауда айналымын 3 млрд АҚШ долларына жеткізіп, 2020 жылы оны 5 млрд АҚШ долларына жеткізудің өзара тиімді жолдарын қарастыруға уағдаласты.

Екі жақты өзара тиімді серіктестіктегі маңызды ролді іскерлік топтар мен инвестияны тарту жайы атқарады. Өткен жылдың өзінде ғана екі ірі бизнес-форум өткізіліп, 1 млрд АҚШ долларының коммерциялық келісімдеріне қол қойылды. Азық-түлік өнімдерін жеткізетін (4 сауда үйі) және мұнайхимиясы мен химия бойынша бірлескен кәсіпорындар қызмет етеді. Фармацевтикалық өнеркәсіп сауда үйін ашуға қажетті құрылтайшылық құжаттары бекітілді.

"Узавтосаноат" АҚ мен "Сарыарқа Авто Өнеркәсіп" ЖШС арасында ұзақ мерзімдік Келісімге орай өнімдерін сыртқы нарыққа, ЕЭО елдеріне де шығаруға арналған бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Өнім түрлерін көбейтіп, өндірісті аудандастыру күшейтілмек. "Узавтосаноат" АҚ-ның "Сарыарқа Авто Өнеркәсіп" ЖШС-ға қаржылық қорына ену мәселесі де қарастырылуда.

Сонымен қатар, өңірлік байланыстар да қарқынды дамуда. Өзбек тарабы Өңірлік серіктестігі форумын тұрақты өткізу жөніндегі қазақстандықтардың бастамасына қолдау көрсетіп отыр. Әсіресе, Өзбекстанның Қазақстандағы Жылын өткізу мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы шара аясында экономика, туризм, мәдени-гуманитарлық саласындағы 200-ден астам шаралар өткізу жоспарланып отыр.

"Біздің Мемлекет басшыларымыздың 2018 жылды Өзбекстанның Қазақстандағы Жылы, 2019 жылды Өзбекстандағы Қазақстан Жылы деп өткізу туралы жариялауы – екі ел арасындағы жоғары сенім мен ынтымақтастықтың жаңа белесіне шыққандығының айқын көрінісі болып табылады", - деп атап өтті Асқар Мамин.

Қазақстан мен Өзбекстан  арасындағы Бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-отырысы барысында Комиссияның 16-отырысының Хаттамасындағы шешімдерінің орындалуы жайы талқыланды. Сонымен қатар екі жақты сауда- экономикалық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту болашағы қаралды.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық аумағында халықаралық шекаралық Орталықтарында, көлік-логистикалық орталығында (Құрғақ портта) құрылыс жүргізу мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

2017 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 8 пайызға артып, 20,5 миллион тоннаны құрады. Биылғы жылғы екі айда тасымалдау көлемі 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 44% артты.

Тараптар биылғы сәуірден бастап Самарқан-Астана бағдарына тұрақты жолаушылар пойыздарын жүргізуге келісті.

Су мәселесінедгі серіктестік жайы да қаралды. ҚР мен ӨР Уәкілеттіі органдарына Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су қатынастары саласындағы серіктестік мәселесін дамытуға арналған Жол картасын жүзеге асыру мәселесіндегі жұмыстарын әрі қарай жалғастыру тапсырылды. Оның сыртында, өңірдегі барлық қатысушы мемлекеттердің мүдделерін ескере келіп, олардың арасындағы конструктивтік көзқарасты қалыптастыру үшін, Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын пайдаланудың құқықтық механизмдерін әзірлеу жайы айтылды.

Отырыс барысында тараптар газ саласындағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуды одан әрі жалғастыруға мүдделі екендіктерін жеткізді. Тараптар қазақстандық газды Өзбекстан аумағы арқылы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жеткізудің техникалық мүмкіндіктерін қарастыру мақсатындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты. Аталған келісімдер бойынша биылғы жылдың 1-қыркүйегінде тиісті Хаттамаларға қол қою күтілуде.

Сонымен бірге, тараптар өзбек газын своп-операция аясында жеткізу міндеттемелерін орындауға ниетті екендіктерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстандағы Өзбекстан Жылын өткізу Хаттамасына қол қойылып өткізу Жоспары түзілді. Сонымен бірге бірқатар сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар