Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады - Жаңалықтар | BNews

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

27 ақпан, 09:14 665
Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Кей жерлерде жауын жауса, шығыс өңірлерде күн ашық болады.

27 ақпанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжауда. Кей жерлерде жауын жауса, шығыс өңірлерде күн ашық болады. Елдің басым бөлігінде тұман болып, солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының бірқатар аудандарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз, ал Атырауда түнде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары