Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Написать нам
23 қазан, 2018, 09:21 1464
Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Тек республиканың солтүстік-шығыс, шығыс жартысында циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстік-шығыс, шығыс жартысында циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Мангыстау облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Aқмола, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар