Сәрсенбіде еліміздің бірнеше облысында жауын-шашын жауады

12 Декабря, 2018, 09:18 1913
Сәрсенбіде еліміздің бірнеше облысында жауын-шашын жауады |  | BNews.kz

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшеюі мүмкін.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің бірнеше облысының кей жерінде жауын-шашын жауады. Оңтүстік, солтүстік және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшеюі мүмкін.

Aлматы облысында кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшеюі сақталады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Aтырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ күшейеді, Маңғыстау, Aтырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13921

Похожие новости