Сейсенбіде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын жауады

22 қаңтар, 2019, 09:13 1186
Сейсенбіде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын жауады

Еліміздің айтарлықтай барлық өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, атомсфералық фроннтардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде  тұман күтіледі. Түркістан облысында, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #Қазгидромет #жауын-шашын

Читайте также

Похожие новости