Сейсенбіде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

13 қараша, 2018, 09:28 1683
Сейсенбіде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

Тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында кей жерде қар жауады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман, екпінді жел күшейеді, солтүстікте жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды  BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Aлматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, түнде Aтырау, Aқмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жолдарында көктайғақ болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар