Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

20 қараша, 2018, 08:00 1191
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде тұман мен бұрқасынды жел күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігі белсенді ауа ағындары аймағында орналасқандықтан,  жауын-шашын болады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей аумағында тұман күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар