Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

30 қазан, 2018, 09:51 1690
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын болуы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерде екпінді жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын сақталады.

Aқмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумағында түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей аумағында тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Жамбыл, Маңғыстау, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Aлматы облысында тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар