Селфиге деген құмарлық салдарынан әйел адам Қаскелең өзеніне ағып кетті

17 шілде, 2018, 15:41 1823 Алматы облысы
Селфиге деген құмарлық салдарынан әйел адам Қаскелең өзеніне ағып кетті

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел адам тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен. 

Құтқарушылар 16 шілде күні шамамен сағат 21:00-де Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне ағып кеткен 35 жастағы әйел адамның денесін тауып, судан алып шықты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше Қаскелең қаласындағы "Нұрлы тау" демалыс орнында болған.

Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін 3 сағат бойы іздеген.

"3 сағаттан соң марқұмның денесі құлаған жерінен қашық жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күннің батуына байланысты біраз уақытқа созылды. Әйелдің денесі су астындағы қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған", - деді РЖҚЖ құтқарушы медбикесі Екатерина Клочко.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар