Семей әуежайы желтоқсан айында іске қосылады

30 қараша, 2018, 11:21 2512 Шығыс Қазақстан облысы
Семей әуежайы желтоқсан айында іске қосылады

Қазанда әуежай халықаралық стандарттарға сай деген сертификат алды.

Семей әуежайының қайта құру жұмыстары аяқталды. Жөндеу 2016 жылдың желтоқсанында басталған болатын. Республикалық және облыстық қызаныдан бөлінген қаражат 10 миллиард 197 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды BNews.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

"Ұшу-қону жолағына жарық-дыбыстық құрылғы орнатылды, бұл әуе кемелерін кез келген ауа райында қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, әуежай ғимараты күрделі жөнделіп, аумағы толық қоршалды", – деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Биылғы қазанда әуежай халықаралық стандарттарға сай деген сертификат алды.

Қазіргі кезде ұшу-қону жолағы Өскемен – Семей – Үржар, Семей – Алматы, Семей – Астана бағытындағы "АН-24" типті ұшақтарды қабылдайды. Келешекте әуежай 300-ге жуық жолаушы таситын "Боинг", "Эйрбас", "ИЛ-76" әуе кемелерін қондыра алатын болады. Сонымен қатар, тәулігіне 25-30 ұшақ қабылдап, сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсепек.

Отандық "Скат", "Қазақэйр", "Бекэйр", "ЭйрАстана" компанияларынан бөлек Ресей, Түркия, Мысыр, Араб әмірліктерінің компанияларын тартуға мүмкіндік туады.

Әуежайды алдағы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар