Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын үйлердің жобалары қаралды

14 Июня, 2017, 11:37 402
Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын үйлердің жобалары қаралды |  | BNews.kz

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салуға ұсынып отырған үйлердің жобаларымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz аймақ басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Семей қаласының кәсіпкері Нұрлан Байбек аймақ басшысына онға тарта жобаларды ұсынды. Жаңа технология бойынша салынатын үйлердің, бір шаршы метр 120 мың теңгені құрайтын бағасы мен мерзімдері таң қалдырды.

«Бір үйді бір айдың ішінде салып тапсыруға мүмкіншілігіміз бар. Өйткені біздің өндірісте барлық үйдің ішкі коммуникациясы өткізіледі, есептегіштер мен батареялар орнатылады. Яғни барлығы кешенді түрде орнатылады» – деді «Сәт Транс» ЖШС бас директоры.

Бұл компания біріңғай құрылысшы ретінде «Нұрлы жер» бағдарламасын орындауға қатысу ниетін білдіріп отыр. Бүгінгі күні Семейде жеке тұрғын үй салуға жер телімін алу үшін 23 мың адам кезекте тұр. Келесі жылы 3600 жер телімдерін беруге арналған инфраструктура салынбақшы.    

«Заман талабына сай үй алам деушілер ҚұрылысЖинақБанкі арқылы несие әзірлеп, біріңғай мердігерге өтініш білдірсе, жеке құрылысқа жақсы бастама мен серпіліс беретін болады», – деді Даниал Ахметов.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13865

Похожие новости