Семейде полиция қызметкерлері бикинимен жүрген ер адамды ұстады

19 шілде, 2018, 09:53 1879 Шығыс Қазақстан облысы
Семейде полиция қызметкерлері бикинимен жүрген ер адамды ұстады

Оның фотосуреті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Семейде әйел адамның шомылуға арналған киімін киген ер азамат интернеттің жұлдызына айналды. Оның полиция бөлімдерінің бірінде жасалған фотосуреті әлеуметтік желілерге тарап кеткен, деп хабарлайды BNews.kz kaz.altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Бикинидегі славян тектес жігітті "қызтеке" болуы мүмкін дегендер де бар. Ал оның қолындағы көк пакет, осы портреттің ажарын одан сайын аша түскендей. Желі қолданушыларының бұған қатысты пікірлері сан-саққа бөлінді. Бірі оны нәзік жанды жігіттердің қатарына қосса, енді бірі бәстен жеңіліп қалуы туралы нұсқасын алға тартты.

Әйтсе де мұның себебі басқада болып шықты. Семей қаласы ІІБ-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қыздардың киіміндегі жігіт Ертіс жағалауында жүрген. Сол маңнан оны тәртіп сақшылары ұстап алған. 

"Ер адам сауда бутиктерінің біріндегі ұрлыққа қатысы бар деген күдік бар. Қолға түскен кезде мас болған. Өзінің айтуынша, ол палуандардың спорттық формасын кидім деп ойлапты", - деп түсіндірді басқарма қызметкерлері.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар