Сенат депутаты Мақтаарал ауданының тынысымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Сенат депутаты Мақтаарал ауданының тынысымен танысты

Сенат депутаты Мақтаарал ауданының тынысымен танысты

Жаңадан құрылып жатқан ауданның ахуалымен танысу үшін депутат ең алдымен аудан әкімінің аппаратында болып, аппарат ғимаратын аралап көрді.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында Сенат депутаты Әли Бектаев іс-сапармен болды, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңадан құрылып жатқан ауданның ахуалымен танысу үшін ең алдымен аудан әкімінің аппаратында болып, аппарат ғимаратын аралап көрді. Халық қалаулысы Мырзакент кентіндегі "Ақ алтын" мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәжіліс өткізді.

Өз сөзінде Әли Әбдікәрімұлы жаңадан аудан болған мақтааралдықтарды құттықтап, Мырзашөл өңіріне деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықыласы ерекше екенін атап өтті. Сенатордың тұрғындарымен кездесуі барысында өңірде қордаланған көптеген мәселелер талқыланып, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы түсіндірілді.

Әли Бектаев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен жасалған өтініштерді барынша шешуге ат салысатынын, жаңадан құрылған ауданға қолдау көрсету үшін үкіметке депутаттық сауал жолдайтынын атап өтті. Мәжілістен соң депутат Атакент кентіндегі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болып, аудан ғалымдарының тың жаңалықтарымен танысты. Осы уақытқа дейін мақтаның 12 сортын, қауынның 4 сортын ойлап тапқан институттың жұмысына Әли Бектаев дән риза болып, ғылыми қызметкерлердің еңбегіне табыс тіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары