Сенат депутаттары егістік алқабын аралады

02 тамыз, 2018, 12:13 3409 Алматы облысы
Сенат депутаттары егістік алқабын аралады

Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысқан сенаторлар жұртшылықпен жүздесіп, елдің мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Алматы облысы Сарқан ауданына Парламент Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев және Аңсар Мұсаханов арнайы іссапармен келіп, тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысқан сенаторлар жұртшылықпен жүздесіп, елдің мұң-мұқтажына құлақ түрді. Сапар барысында жоғарғы палата депутаттары ауданның егістік алқаптарын аралап, Елбасының тапсырмасы – қант қызылшасын өсіріп-өндіру барысын қадағалады.

Сонымен қатар Төлеубек Мұқашев пен Аңсар Мұсаханов аудандағы ең ірі мекемелердің бірі "Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кездесіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа Үндеуінің орындалу барысына тоқталып, іске асырылып жатқан бағдарламаларды түсіндірді. Халық қалаулылары кездесуде елдің ертеңі жайында сауал қойған сайлаушылардың сұрақтарына тиісті жауап берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар