Сенат депутаттарының Батыс Қазақстан облысындағы сапары жалғасуда

27 шілде, 2018, 12:14 3239 Батыс Қазақстан облысы
Сенат депутаттарының Батыс Қазақстан облысындағы сапары жалғасуда

Депутаттар Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асқан жаңа нысандарды аралады.

Парламент Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс бабындағы сапар аясында Казталов ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Сенаторлар Жалпақтал ауылындағы № 15 өрт сөндіру бөлімшесінде болды. Оның ғимараты былтыр күрделі жөндеуден өткен болатын. Депутаттар Байқоңыр көшесінде салынып жатқан 2 қабатты 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысымен де танысты. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асқан жаңа нысандарды аралап, ауыл саябағындағы "Батырлар аллеясы" мен қылқалам шебері Сәкен Ғұмаровтың ескерткішінде болды.

Сенаторлар Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев Жалпақтал мәдениет үйінде жұртшылық өкілдерімен, ауыл ақсақалдарымен және мекеме басшыларымен кездесті. Кездесуде халық қалаулылары Парламенттің заң шығару қызметі мен сессия барысында қабылданған жаңа заңдар туралы жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарға ден қойды.

Депутаттар  Жаңажол ауылында болып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандармен және жол құрылысымен танысты.

Сенат депутаттары аудан орталығы – Казталов ауылында таяуда пайдалануға берілген 100 орындық интернатта болды. Депутаттар сондай-ақ интернат қасында салынып жатқан саз мектебінің құрылыс алаңында болып, "Жолаушы - Жол" мекемесінің қызметкерлерімен де кездесті.

Сенат депутаттары "Нұр Отан" партиясының мәжіліс залында аудан активімен кездесіп, сапарды қортындылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар