Сенатор Бектұрғанов: Жолдаудағы міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған - Жаңалықтар | BNews

Сенатор Бектұрғанов: Жолдаудағы міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған

11 қаңтар, 11:12 1832 Қостанай облысы
Сенатор Бектұрғанов: Жолдаудағы міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы Денисов ауданындағы әлеуметтік сала нысандарында болып, сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген 10 басымдықты іске асыру тетіктерін жан-жақты әңгімелеп, жекелеген ережелерді түсіндірді, сондай-ақ қойылған сауалдарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Серік Бектұрғанов «Елбасының Жолдауындағы барлық міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған», деп атап өтті. Жаңғырудың негізі болып табылатын адам капиталын дамыту мәселесіне тоқтала келіп, сенатор білім беру саласының үздік жүйесін қалыптастыруға назар аударды. Аудан тұрғындары Жолдауда айтылған Елбасының бастамаларына қолдау білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары