Сенатор: Жастар еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек

28 қаңтар, 2019, 20:09 1551
Сенатор: Жастар еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек

Әлімжан Құртаевтың айтуынша, жастар еліміздің жарқын болашағына жетелейтін басты қозғалтқыш болып саналады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына байланысты жастардың еліміздегі алатын орны туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасының жеке бастауымен жастарға көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдау аз емес. Білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін "Болашақ" халықаралық стипендиясы, "Серпін" бағдарламасы жүзеге сәтті асырылып келеді", - деді сенатор.

Оның сөзінше, "StartapBolashak" бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді. Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше көзге түскен талантты жастарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады. Президенттің тапсырмасымен қабылданған "7-20-25" бағдарламасы әр жас отбасыға ыңғайлы шарттармен баспана ала алады.

"Жастар еліміздің жарқын болашағына жетелейтін басты қозғалтқыш болып саналады. Осы орайда, Елбасы мен Қазақстан халқының жастарға үміт артуы орынды екеніне күмән жоқ. Елбасының Жастар жылының ашылуы кезінде жас ұрпақтың әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған тапсырмалары олардың ел экономикасы мен руханиятын дамытуына үлкен демеу болары сөзсіз", - деп атап өтті Әлімжан Құртаев.

Сөз соңында ол жастар қалай бәсекеге түсуі керектігіне тоқталды.

"Өз кезегінде жастар да Отанына адал қызмет етіп, өркениетке ұмтылары анық. Олар білімімен, тәрбиесімен, отансүйгіштігімен және еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек", - деп түйіндеді Сенат депутаты.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Сенат #депутат #жастар

Читайте также

Похожие новости