Сенаторлар Ақкөл қаласындағы балалар үйінде болды

03 желтоқсан, 2018, 11:32 1735 Ақмола облысы
Сенаторлар Ақкөл қаласындағы балалар үйінде болды

Сапар барысында депутаттар тәрбиеленушілер жағдайымен және бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту бағдарламасымен танысты.

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінде болды, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта бірқатар жылдар бойы парламентшілердің балалар үйіне баруы ізгі дәстүрге айналған болатын. Сапар барысында депутаттар тәрбиеленушілермен кездесті және кітапханада, қызықты жұмыстар бөлмесінде, спорт залы мен демалыс бөлмесінде болып, демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен және бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту бағдарламасымен танысты.

Кездесу соңында балаларға кітаптар, ойыншықтар, тәттілер мен теледидар тарту етілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар