Сенаторлар Ақтөбе облысының шалғай аудандарын аралады - Жаңалықтар | BNews

Сенаторлар Ақтөбе облысының шалғай аудандарын аралады

07 тамыз, 20:10 1585 Ақтөбе облысы
Сенаторлар Ақтөбе облысының шалғай аудандарын аралады

Депутаттар ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, тұрғын үймен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту мәселелері жайын талқылады.

Парламент Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында болып, агроөнеркәсіп секторында тікелей жұмыс жасап жүрген шаруа қожалықтарының төрағаларымен, жергілікті жердегі мекеме, кәсіпорын басшыларымен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар кездесу барысында Парламенттің заң шығару қызметі туралы сайлаушыларға ақпарат берді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, тұрғын үймен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, интернет байланысын дамыту, кейбір салалардағы кадр жетіспеушілігі және әлеуметтік нысандарды салу сияқты мәселелердің елімізде шешілу жайын әңгімеледі. Кездесуге қатысқан шалқарлықтар ауыл шаруашылығы саласынан зейнет демалысына шыққан ардагерлердің зейнетақысының төмен екені, оған коэффициенттің дұрыс қосылмай отырғаны, ауыл шаруашылығында еңбек ететін кадрлардың тапшылығы туралы және басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Шалқар қаласының микроклиматын қалыптастырып отырған Шалқар көлінің қазіргі жағдайымен, жеке кәсіпкер Сәуле Дәулеталинаның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салып жатқан күндізгі стационар емханасының құрылысымен танысты. жетіспеушілігін қозғады.

Депутаттар Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын реттеу, сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша заңнамаларға кең көлемде тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен шаруашылық құрылымдарының өкілдерін нақты жұмыс барысында кездесетін мәселелер бойынша ұсыныстар беруге шақырды, олардың заң қабылдау барысында ескерілетінін атап өтті.

Жиын барысында депутаттарға балық аулау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, Ырғыз ауданының аумағындағы Жаманшың метеорит кратерінің мәртебесін анықтау, Тәуіп, Жайсаңбай елді мекендеріне көтерме жол тарту мәселелері жөнінде сауалдар қойды. Кездесуден соң халық қалаулылары Ырғыз аудандық прокуратурасында, аудандық сотта, аудандық ішкі істер бөлімінде, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында, сондай-ақ жуырда пайдалануға берілген "Қамқор" үйінде болды. Ырғыз ауылындағы аудан әкімдігінің, 300 орындық мектептің және дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Ал Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылдық округі мен Қызылжұлдыз ауылдық округтерінде болған сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев әлеуметтік ғимараттарды аралады.

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының бойында орналасқан "Маяк" кемпингінде болды. Сондай-ақ Қарабұтақ ауылдық округіндегі "Жастық" стадионы мен кәсіпкер Қ. Қойлыбаевтың демеушілігімен "Туған жерге тағзым" акциясы бойынша салынып жатқан "Әкелер" саябағын аралап, жаңа құрылыстарға оң бағаларын берді. Сенаторлар Қызылжұлдыз ауылдық округінде газ құбырларының тартылу жұмыстарымен танысты. Бұдан кейін сенат депутаттары "Комсомол" ЖШС-ның егіс алқабында болды. Егін ору науқанына жұмылған шаруа қожалықтарында диқандармен кездесті. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары