Сенаторлар ШҚО-да орман шаруашылығы мәселелерін талқылады

09 маусым, 2017, 16:50 585
Сенаторлар ШҚО-да орман шаруашылығы мәселелерін талқылады

ҚР Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті өсімдіктер және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бойынша Өскеменде көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды  BNews.kz.

Комитет төрағасы Сергей Плотников Сенатта «Қазақстан Республикасындағы биологиялық әралуандықты сақтауды заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау өткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер қабылданғаны туралы хабардар етті.

 Бұл заңға сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің еңбекақылары 25 пайызға көтерілетін болады. Сенаторлар «жасыл» экономикаға көшу жағдайында еліміздің табиғи байлықтарының маңызды бөлігі ретінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін басқару саласында тиімді саясат қалыптастыру қажеттігі туындады, деп санайды. Экономиканың басым салаларын дамыту тұрғысында экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құндылықтарды ескере отырып, халықаралық тәжірибе негізінде оларды басқарудың тың тәсілдерін қарастыру қажет.

Шара барысында парламенттік тыңдау ұсынымдарын іске асыру, биологиялық алуандықты сақтау, орман өнеркәсібін, аймақтағы аңшылық шаруашылықтарын дамыту мәселелері талқыланды. Сенаторлар сапар барысында «Шығыс-Сүт» ЖШС нысандарында болды. Бұл өндіріс орны өнеркәсіптің өңдеу салаларын инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #өсімдіктер #жануарлар

Читайте также

Похожие новости