Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударады

29 наурыз, 2018, 14:12 3153
Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударады

Мұндай ұсынысты бір депутат жасады, ал Сенат спикері оны қолдады.

ҚР Парламентінің депутаты Дүйсенғазы Мусин палатаның пленарлық отырысында әріптестеріне су тасқынынан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қазір қиын жағдайда. Қазіргі кезде қардың тез еруінің салдарынан су деңгейі көтеріліп, облыстың бірқатар ауданында су тасқыны болып жатыр. Кейбір аудандарда төтенше жағдай жарияланды, сондықтан шығысқазақстандықтардың барлығы қазір су тасқынына қарсы күресу жұмыстарын жасап жатыр", - деді депутат Дүйсенғазы Мусин.

Палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.

"Депутаттар, меніңше, қарсы болмайды. Жақсы ұсыныс. Мен шешім қабылданды деп санаймын. Бұл ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге біздің көмегіміз болсын", - деді Сенат төрағасы.

Еске сала кетейік, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның қолдауымен құрылған "Асыл бала" қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккен балалардың отбасына 3,5 миллион теңге бөлді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиеваның айтуынша, "Аягөз Болашақ" қорына аударылған қаражат жылы киім алуға, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстандағы су тасқынына байланысты жағдай туралы облыс әкімі Даниал Ахметов 27 наурызда өткен Үкімет отырысында айтты. Премьер-министр техникаға байланысты жағдайды шешуді тапсырып, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарын сынға алды. Бүгінгі таңда ШҚО-да су тасқынына қарсы шараларға 259 млн теңге бөлінді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #су тасқыны #депутат #Қасым-Жомарт Тоқаев #зардап шегу

Читайте также

Похожие новости