Сенатта тұрғын үйге несие берудің "7-20-25" бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды

23 Октября, 2018, 20:09 2089
Сенатта тұрғын үйге несие берудің "7-20-25" бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды |  | BNews.kz

Осы уақытқа дейін 30,1 миллиард теңге сомасындағы өтініш мақұлданды. 

Сенат депутаттары тұрғын үйге несие берудің "7-20-25" Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері" ипотекалық бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша "Баспана" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина  қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, тұрғын үйдің жайлы болуы мен тұрғын үйге қол жеткізуі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтар ретінде белгіленгенін айтты.

"Бұл бағдарлама халықтың әртүрлі бөлігіне әлеуметтік тұрғын үй сатып алуда жеңілдік беру тұрғысында теңдесі жоқ. Оны іске асыру әр салаға ауқымды әсер ететін болады, еліміздегі құрылыс және экономиканың басқа салаларын одан әрі дамытуға оң әсер етеді", - деді Ольга Перепечина.

Ол бағдарламаны іске асыру барысына қатысты мәліметтерді келтірді. Атап айтқанда, биылғы 18 қазанда бағдарламаға қатысуға жалпы сомасы 44,5 миллиард теңгеге өтініш беріліп, 30,1 миллиард теңге сомасындағы өтініш мақұлданды. 

"7-20-25" бағдарламысының операторы "Баспана" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы болып табылады. Бұл ұйым басқармасының төрағасы Қайрат Алтынбеков бағдарламаны іске асыру туралы депутаттарды хабардар етті.

Шараға Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков, басқа да мүдделі органдардың, Алматы және Атырау облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Пікірсайыс барысында тұрғын үй мәселесін  ең алдымен аймақтарда шешуге байланысты сенаторлар бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер айтты.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13854

Похожие новости