Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

24 қараша, 2018, 13:27 2437
Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

24 қарашада еліміздің кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мерт болады. Облыстың оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде қатты бұрқасын соғып, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 метр болып, кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, бұрқасын болады. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, бұрқасын күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар