Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде бұрқасынды ауа райы сақталады

12 Января, 2019, 09:37 1462
Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде бұрқасынды ауа райы сақталады |  | BNews.kz

Кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.

12 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарда кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жолдарда көктайғақ күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости