«Сергек» камерасы қарақшылық шабуылды анықтады - Жаңалықтар | BNews

«Сергек» камерасы қарақшылық шабуылды анықтады

05 желтоқсан, 2017, 16:28 588 Астана
«Сергек» камерасы қарақшылық шабуылды анықтады

Жамбыл облысының үш тұрғыны елорданың сауда ойын-сауық орталығына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер «Сергек» бейне кешенінің көмегімен СОСО күзетшісіне жасалған қарақшылық шабуылды анықтады.

«Полицияға СОСО сыртқы аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жеке күзет фирмасының қызметкерінен сағат түнгі 01.30 шамасында белгісіз үш азаматтың күш көрсетіп, скотчпен қол-аяғын байлап, орталыққа кіруге талпынғаны туралы арыз түсті. Оған қоса, қаскөйлер оның радиостансасын ұрлап кеткен», - делінген ІІД таратқан хабарламада.

ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде  «Сергек» бейне кешенінің көмегімен қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты қолға түсірді.

Белгілі болғандай, қарақшылық әрекетті Жамбыл облысының 21 және 23 жастағы үш тұрғыны жасаған.

«Тергеу барысында олар сауда орталығындағы бутиктің бірін тонамақ болғанын мойындады. Аталған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ІІД.

Айта кетейік, Астана қаласында бұған дейін де орнатылған камераның көмегімен бірнеше қылмыстың беті ашылған болатын. Соның бірі – елордада автоұры қылмыс үстінде ұсталған. Бейнабақылау камерасының арқасында қылмыстық іс ізі суымай ашылды.

Астанада өз көлігін өзі ұрлаған қылмыскер де бейнебақылау арқасында қолға түскен. Күдікті шілде айында сатқан көлігін қайта ұрлап сатып жібермекші болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар