Астанада ХХІ "Шабыт" халықаралық жастар фестивалінің жабылуы болып өтті

10 қараша, 2018, 14:27 2804 Астана
Астанада ХХІ

"Шабыт" елорданың мәдени брендіне айналды.

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ХХІ "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты түрде жабылуы болып өтті, деп хабарлайды BNews.kz астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл байқау бес номинация бойынша өткізілді: классикалық музыка, халық әуені, журналистика, эстрадалық вокал және хореография. Кеш қонақтарын әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтады.

"Жыл сайын жастар фестивалінің географиясы мен форматы кеңеюде. Бүгінде "Шабыт" еліміздің орнықты және мәдени брендіне айналды. Бұл еліміздің әр түкпірінен, басқа елдерден келіп жатқан жас таланттардың арқасында мүмкін болды. Жыл сайын мұнда жұмысы тығыз болса да әлемнің басқа елдерінен мәдениет пен өнердің көрнекті қайраткерлері келіп жатады", - деді Ермек Аманшаев.

Өзінің құттықтауы кезінде ол қатысушыларды, жастар фестиваліне қолдау көрсеткен әділқазы мүшелеріне алғыс білдірді.

"Президент кубогы – бұл фестивальдің ең жоғары марапаты. Бұл – біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан жас таланттарды жүйелі түрде көрсетіп келе жатқан қолдауы. Сіздерді тағы да осынау өнер мен мәдениет әлеміндегі "Шабыт" деп аталатын айшықты мерекелеріңізбен құттықтаймын!", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, астанада 5-9 қараша аралығында ХХІ "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өткен болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар