"Шабыт" фестивалінде Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған сыйлық табысталады

24 қазан, 2018, 16:43 1562 Астана

Ол "Журналистика" номинациясында беріледі.

ХХІ "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Аталмыш шара қарашаның 5-і мен 9-ы аралығында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығармашылық бәсекеге қатысам деушілер материалдарды 30 қазанға дейін Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасына жолдап, сайтта онлайн өтінімді толтырады. Үміткерлердің жасы 16-дан 35-ке дейін болуы шарт.

Бір апта бойы жас таланттар қаланың үздік алаңдарында атап айтқанда, "Астана" концерт залында, Қазақ ұлттық өнер университетінің сахналарында, "Жастар" театрында, Бейбітшілік және келісім сарайында өнер көрсетеді.

Еске салайық, биыл фестиваль басты 5 номинация бойынша өтеді: "Классикалық музыка", "Халық музыкасы", "Эстрадалық вокал", "Хореография" және "Журналистика".  Олардың кейбірі секцияларға бөлінген.

Әр номинация бойынша Гран-при иегерлері мен жүлделі орын алғандар ақшалай сыйлықтармен және "Шабыт" фестивалінің дипломдарымен марапатталады. "Журналистика" номинациясында атаулы сыйлық белгілі жазушысы, журналист, қоғам қайраткері  Шерхан Мұртазаны еске алуға арналады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар