Шағын алтын құймаларды еліміздің айырбастау орындарында саудалауға рұқсат беріледі

11 Апреля, 2018, 17:46 2656
Шағын алтын құймаларды еліміздің айырбастау орындарында саудалауға рұқсат беріледі |  | BNews.kz

Ұлттық банк басшысы Қазақстан аумағындағы валюталық құндылықтар айналымының тәртібі туралы айтып берді.

Қазақстанның айырбастау орындары Ұлттық банк шығарған шағын алтын құймаларды сатып алу және сату құқына ие болмақ. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Мәжілісте өткен "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Заң жобасында банктік емес айырбастау пункттеріне Ұлттық банк шығарған шағын алтын құймаларды сатып алу және сату құқығы беріледі. Сондай-ақ "валюталық операциялар" ұғымына валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға  немесе брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде беру, бейрезидент шығарған электронды ақшаны резидентпен сатып алу және өтеу енгізілді. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына ішкі валюта нарығында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу және сату құқығы берілді. Көрсетілген  түзетулер жеке тұлғалардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады, ішкі валюта нарығында бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді", - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Заң жобасы қабылданған жағдайда бизнес тұлғаларына өз қызметін жаңа талаптарға сәйкес келтіру үшін уақыт қажет болады. Заң жобасын қолданысқа 2019 жылдың 1 шілдесінде енгізіледі.

"2020 жылдың 16  желтоқсанында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің өтпелі кезеңі аяқталады, ол кезде шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары ішкі нарыққа кіруге рұқсат алады. Сондықтан заң жобасының 1-бабы 3-тармағының 7 абзацы үшін қолданысқа енгізу мерзімі 2020 жылғы 16 желтоқсан болып белгіленді",- деп нақтылады Ұлттық  банк басшысы.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости