- BNEWS >
- Жаңалықтар >
- "Самұрық-Қазына" бөлетін 300 млрд теңгенің тендеріне шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады
"Самұрық-Қазына" бөлетін 300 млрд теңгенің тендеріне шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ электрондық сатып алу жүйесін жүзеге асыратын порталды іске қосады.
"Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы осы жылдың шілде айында электрондық сатып алу жүйесін жүзеге асыратын порталды іске қосуды жоспарлап отыр. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнес өкілдері 300 млрд теңгенің тендеріне қатысуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте компанияның Операциялық қызмет бойынша басқарушы директоры Әлішер Пірметов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
"Іске қосылатын жүйенің нәтижесінде біз шағын және орта бизнес өкілдерінің осы жүйеге қатысуын жетілдіріп, еліміздегі бәсекелестік ортаны кеңейтуге мүмкіндік аламыз. Аталған жүйе арқылы біз компаниялардың тиімділігін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Мысалы, біз холдинг ішіндегі сатып алу мәселесіне талдау жасадық. Мұнда сатып алу процесі 4,5 мың позиция арқылы жүргізіліп келген", - деді Әлішер Пірметов.
Сондай-ақ, басшы осыған дейін холдинг ішіндегі компаниялар кез келген тауарды, өнімді немесе қызметті сол холдинг ішіндегі компаниялардан сатып алғандығын, демек осы уақытқа дейін шағын және орта бизнес өкілдеріне компанияның тендеріне қатысуға мүмкіндік берілмегендігін айтты.
Әлішер Пірметов 4,5 мың позиция арқылы жүргізіліп келген сатып алу процесінде аталған позициялардың 424-ке дейін азайтылғанын атап өтті.
"Осы жұмысты егжей-тегжейлі жүргізіп, 4,5 мың позицияның әрқайсысын қарап шықтық. Нәтижесінде аталған позицияларды 424-ке дейін азайттық. Сол арқылы біз шағын және орта бизнес өкілдеріне қосымша 300 млрд теңгеге тапсырыс беру мүмкіндігін береміз. Осылайша, бәсекелестік ортаны кеңейтіп, сол арқылы көрсетіліп жатқан қызмет пен тауардың сапасын арттырамыз. Сатып алуға берген қаржаны үнемдеуге мүмкіндік туады", - деді компанияның Операциялық қызмет бойынша басқарушы директоры.
Ұқсас жаңалықтар
-
Президент "Самұрық-Қазына" қорының жаңарған Даму стратегиясы мен Трансформациялау бағдарламасын қолдады
-
Назарбаев "Самұрық-Қазынаны" басқарудың көп деңгейлі жүйесін жеңілдетуді тапсырды
-
Қазақстандықтар арасында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны артты
-
Биыл 14 мыңға жуақ адам шағын несие алуы мүмкін – Еңбек министрлігі
-
Шағын және орта бизнеспен айналысқысы келетін қазақстандықтар жеңілдікпен несие ала алады
-
Дәрі-дәрмектерді көтерме бағамен сатып алу нәтижесінде 15 млрд теңге үнемделді – СҚ-Фармация
-
СҚ-Фармация 1,5 мыңнан астам отандық дәрі-дәрмектерді сатып алады
-
Шығыс Қазақстанда гепатитке қарсы вакцина сатып алуға 50 млн теңге бөлінді
Материалды әзірлегендер:
Ұсынамыз
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды
09:25
152
-
Канадада зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр
10:02
135
-
Мейрам күндері Астанада көлік қозғалысы шектеледі
09:52
125
-
Головкин мен Мартиросян көз түйістіру рәсімін өткізді
10:35
124
-
Павлодарда теле- және радиотарату уақытша тоқтатылады
11:08
70
-
Ақтөбеде 10 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды
19 сәуір, 13:02
3145
-
Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды
19 сәуір, 11:15
3125
-
Нобель сыйлығының иегері, түркиялық профессор Түркістанда студенттерге кеңес берді
19 сәуір, 18:15
3108
-
Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып қайта тағайындалды
19 сәуір, 11:37
3083
-
Алматыда 157 көше жөнделеді
19 сәуір, 12:27
3073
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
13 сәуір, 16:10
3693
-
Астанада Ұлттық музейде "Рухани жаңғыру" көрмесінің ашылуы өтті
13 сәуір, 18:26
3629
-
Назарбаев Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
12 сәуір, 18:09
3619
-
Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс – Назарбаев
12 сәуір, 18:57
3614
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
13 сәуір, 17:35
3613